21 Қазан, 2020 291

Атырауда 11 адам COVID-19 жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 143 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 11 дерегі Атырау облысында анықталып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz

Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан (29) және Алматы (13) қалаларында және Шығыс Қазақстан (19) және Қарағанды (16) облыстарында тіркелген. Алматы облысында – 14, Павлодарда – 10, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында – 6 жаңа жағдай анықталып отыр. Батыс Қазақстан облысы мен Қостанайда бес адамнан, Ақтөбе мен Жамбылда үш адамнан індет жұқтырған. Маңғыстауда коронавируске шалдыққан тағы бір адам тіркелген.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 766

Сондай-ақ, өткен тәулікте 156 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Қостанай (56), Атырау (32), Маңғыстау (22) облыстарында. Солтүстік Қазақстан облысында – 14, Павлодарда – 9, Алматы қаласында – 7 науқас айыққан. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында 4 пациенттен, Ақмолада 3 адам коронавирустан емделген. Ақтөбе мен Түркістанда 2 адам, Қызылордада 1 адам COVID-19 індетінен жазылды.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 105 301


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #COVID-19 #коронавирус #Қазақстан