20 Қазан, 2020 432

Облыс әкімі: сақтық шаралары күшейтілуі керек

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов құзырлы орган басшыларына пандемияның екінші толқынына қатысты сақтық шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ATPress.kz

Жиын барысында облыс әкімі бұған дейінгі тәжірибе негізінде дайындық жұмыстары мен сақтық шараларын күшейту қажет екенін айтып, облыс аумағында шілде айынан бері жұмыс жасап жатқан 114 мобильді топтың жұмысын жандандыруды тапсырды.

- Біз үшін әрібір азаматтың қауіпсіздігі маңызды. Маска тағуға бей-жай қарауға болмайды, ара қашықтықты сақтау, қаулының қағидаларымен жүру баршаға басты талап. Өйткені, қауіп әлі сейілген жоқ, бізге қазір босаңситын емес, керісінше қауіпсіздікті күшейтетін уақыт келді, – деген облыс әкімі, халыққа түсіндіру жұмыстары тиянақты әрі ұдайы жүргізіліп отыру керектігін айтты.




Мобильдік топтар халыққа да кәсіпкерлерге де барынша қауіпті түсіндіріп, одан қалса ескерту жасауы керек. Ал заң талаптарын өрескел бұзатындар болса тиісті жазаға тартылуы тиіс екендігі де айтылды.

- Облыс бойынша пандемияның екінші толқынына әзірлік жұмыстарын қарқынды жүргізіп, дайындықты күшейттік. Өкінішке қарай, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында өңірдің Бас санитарлық дәрігері бекіткен қаулы талаптарын бұзу жайттары да бар. Қауіпті вирус салғырттықты көтермейді. Сондықтан әрбір азамат санитарлық талапты толық сақтағанда ғана оның таралуын толық тоқтатып, қауіптен аман шыға аламыз, – деді аймақ басшысы.

Облыс аумағында тиісті жұмыстар жүргізген 114 мобильдік топ, 5 шілде мен 17 қазан аралығында 3 315 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 477 дерек анықтаған.

 

ATPress.kz

Фото Атырау облысының коммуникациялар қызметінен


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Екінші толқын #облыс әкімі #Атырау