20 Қазан, 2020 436

COVID-19: ауырған он адамның тоғызы Теңіз кенішінде тіркелген

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған он адам анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпті дертке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал, тоғыз науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 54 адамның 28-і Атырау облыстық № 2 жұқпалы аурулар ауруханасында, 26 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында емделіп жатыр.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #теңіз #атырау #COVID-19