20 Қазан, 2020 246

Атырауда 10 адам COVID-19 жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 115 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысында 10 адам қатерлі індет жұқтырған. Өткен тәулікте коронавируспен ауырғандардың көбі Шығыс Қазақстан (18) және Қарағанды (16) облысы мен Нұр-Сұлтан (13) және Алматы (12) қалаларында тіркелген. Павлодарда – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында – 6 жаңа жағдай анықталып отыр. Батыс Қазақстан облысы мен Қостанайда бес адамнан COVID-19 жұқтырған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 623

Сондай-ақ, өткен тәулікте 115 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Атырау (32) және Маңғыстау (21) облыстарында. Павлодарда 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмолада 9 пациенттен, ал Алматы қаласында 8 науқас дерттен айыққан.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 105 145


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #COVID-19 #пандемия #коронавирус