19 Қазан, 2020 508

Тарихи үйдің тағдыры

Атырау қаласындағы мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі – Жарбосынов көшесіндегі бірінші Кеңес депутаттары орналасқан үй. Үй қабырғасында 1917-1918 жылдары жұмысшылар мен солдат депутаттарының Гурьев кеңесі орналасқандығы жөнінде тақта ілінген. Дәл салынған мерзімі белгісіз. Қалай дегенде де бір ғасырдан астам тарихы бар ғимарат.

Осы тарихи үйге тамсанудан бұрын тағдырына алаңдаушылық басым. Тіпті өткен ғасырдың сонау жетпісінші жылдарында газет беттерінде сын мақалалар жарияланып, дабыл қағылғаны есімізде. Сол тұста жөндеу жасалған болды. Үй қабырғасындағы тақта да сол кезде ілінді. Содан бері де елу жыл артта қалыпты. Үйдің қазіргі күйіне қарап одан кейін қамқорлық көрмегенін аңғару қиын емес. Қамқорлықты айтасыз, қараушысы да жоқ.




Бұл тарихи үйдің бүгінде нақты иесі жоқ. Сонда иесіз дүние керексіз дүние болғаны ма? Біздің тарихи құндылықтарға көзқарасымыз, ашығын айтсақ, көңілді құлазытады. Орнына жаңа ғимараттар салу мақсатында осы маңдағы ескі үйлер бұзылып жатыр. Бұрынырақта бірқатар тарихи ғимараттардың рұқсатсыз бұзылып кеткенін білеміз. Иесі болмаған соң "байқаусызда" осы тарихи үй де солардың ішінде кетеме деген қауіп жоқ емес.


Әндіржан Мұханғалиев



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда