14 Қараша, 2022 4745

Атырауда Ресеймен шектесетін каналдар қазылуда

Су да, балық та азайған шақта түп тереңдету жұмыстарына қажеттілік туындап отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Құрманғазы ауданында каналдардың түбін тереңдету жұмыстары басталып кетті. Оған 33 жұмысшықызметкер мен 10 экскаватор тартылған. Бұл жұмыстар 2024 жылы толықтай аяқталады деген жоспар бар.

Құрманғазы ауданы əкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, былтыр 243,5 шақырым каналдың түбін тереңдетуге тапсырыс беріліпті. Мақсат – көрші елмен шекарадағы Қиғаш өзеніне келетін су көлемін көбейту жəне гидрологиялық режимін жақсарту. Игі бастама өз жемісін беріп те үлгерген. Қазірдің өзінде Шарон өзенінің 127 шақырымында түп тереңдету жұмыстары аяқталған.

Ең алдымен каналдардың 99,6 шақырымын тереңдету жобасы жасақталып, онымен мердігер «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамы айналысуда. Қалған 143 шақырымының жобалық сметалық құжаттамасы әлі жасақталуда. Осы орайда, аталған мекемеге қатысты жергілікті белсенді табиғат жанашырларының сын-ескертпелері аз болмағанан да айта кеткен жөн.

«Қазірге дейін Панкрашин-1 каналының 508 метрі, Панкрашин-2 каналының 1,6 және Ленивый-1 каналының 2,4 шақырымы тереңдетілген. Енді Ленивый-2 каналында жұмыстар жүргізілуде» дейді аудандық құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.

Фотосурет ғаламтордан алынды

 

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда