23 Қыркүйек, 2020 473

Атыраулық полицейлер БҚО екі тұрғынын ұстады (ВИДЕО)

Ұсталғандардың автокөлігін тексеру барысында 1 тоннадан астам бекіре балығы мен қара уылдырық тәркіленді, деп хабарлайды ATPress.kz

- Облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Бекіре-2020» жедел-профилактикалық шарасы кезінде Атырау-Орал тас жолында Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде автокөлік жүксалғышынан 345 дана бекіре балығы мен қара уылдырық тәркіледі. Аталмыш фактіге күдікті ретінде көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы – Батыс Қазақстан облысының 28 және 29 жастағы екі тұрғыны, ұақытша ұстау абақтысына қамалды. Тәркіленген балықтардың жалпы салмағы 1 тоннадан асады, – деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.




Бұл факт бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 339 – «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


ATPress.kz

Фото және видео Атырау облысы ПД алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда