23 Қыркүйек, 2020 225

COVID-19: Қазақстандағы ахуал

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 76 адамның бесеуі Атырау облысынан, деп хабарлайды ATPress.kz

Ковид жұқтырғандардың көбі Шығыс Қазақстан облысында (28) тіркелген. Коронавирус жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан қаласында (20) да көбейген. Қалған өңірлердегі ахуал тұрақтала бастаған (1-5 адам). Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және Жамбыл облыстарында бірде бір дерек тіркелмеген.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстан бойынша – 107 374 адам коронавирус жұқтырған.

COVID-19 індетінен айыққандар екі есе көп – 155 адам. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы орында Батыс Қазақстан (43) және Жамбыл (21) облыстары.

Індет басталғалы бері елде – 102 064 адам коронавирустан емделіп шыққан.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда