23 Қыркүйек, 2020 377

Атырауда мал тиеген «Камаз» жүргізушісі жоғалды

Бейресми ақпарат бойынша, иен далада батпаққа батқан «Камаз» табылды, деп хабарлайды ATPress.kz

Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өкілдері бұл деректі растап, 21 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауылынан 1978 жылғы Т. есімді азамат «Камаз» автокөлігімен Атырауға бет алған. Жүргізуші мал тасымалымен айналысқан. Туысқандарының хабарлауынша, азамат Т. Индер ауданы, Өрлік ауылдық округі аумағындағы «Мамық» (аудан орталығынан шамамен 120 шақырым) деген жерге жетіп, содан бері хабар-ошарсыз қалған. Бейресми ақпарат бойынша сол жерден батпаққа батып қалған «Камаз» жүк көлігі табылған.

«Бүгін, 23 қыркүйек сағат 06:00-ден бастап, жоғалған азаматты іздеу шаралары басталды. Қазір осы мақсатта Индер аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері, ТЖД үш өкілі және жоғалған азаматтың туысқандары іздестіру шарасына жұмылдырылған», – деп ақпараттандырды ТЖД баспасөз қызметінен.



ATPress.kz

Фото редакция архивінен алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда