22 Қыркүйек, 2020 1611

Атырауда алпыс баладан COVID-19 анықталған

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан короновирус жұқпасы анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz

Коронавирус анықталған алпысқа жуық баланың 18-де симптом анықталып, 13 бала дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылыпты. Бес бала туабітті созылмалы аурулары болғандықтан, облыстық балалар ауруханасына орналастырылды. Қалған бүлдіршіндер ковидтің симптомсыз түріне шалдыққан. Олар жергілікті емхана дәрігерлерінің бақылауында болған.

- Қазіргі уақытта балалар сау, сынама «теріс» нәтиже көрсетіп отыр. Бүгін коронавирус инфекциясынан ем алып жатқан бала жоқ, –  деді Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Айгүл Сүндетова.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #covid-19 #балалар #Атырау облысы #коронавирус