22 Қыркүйек, 2020 242

Атырауда тағы 4 адам COVID-19 жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 67 адамның төртеуі Атырау облысынан, деп хабарлайды ATPress.kz

Ковид жұқтырғандардың жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысында (30) тіркелген. Қалған өңірлердегі ахуал тұрақтала бастаған (1-5 адам). Ақтөбе мен Павлодарда бірде бір дерек тіркелмеген. Барлығы пандемия басталғаннан бері Қазақстан бойынша – 107 374 адам коронавирус жұқтырған.

COVID-19 індетінен айыққандар екі есе көп – 123 адам. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы орында Батыс Қазақстан (36), Шығыс Қазақстан (21) және Ақмола облыстары. Індет басталғалы бері елде – 102 064 адам коронавирустан емделіп шыққан.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда