21 Қыркүйек, 2020 572

COVID-19: 97 қазақстандық ауыр халде

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциямен ауырған 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды ATPress.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram чатындағы ақпаратқа сәйкес, олардың арасында 36 жасөспірім бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 97 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 17 пациент өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланатын болады», делінген таратылған хабарламада.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда