21 Қыркүйек, 2020 458

Атырауда маскүнем әйелді ата-ана құқығынан айыруы мүмкін

Атырау облысы полиция департаменті ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлері тіркеуде тұрған жайсыз отбасыларды тексерді, деп хабарлайды ATPress.kz

Рейд барысында инспекторлар бұрын жайсыз отбасы ретінде есепке алынып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған 37 жастағы азаматшаның үйіне барды. Әйелдің бала тәрбиесімен айналыспайтыны да анықталған.

- Наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде, азаматшаның мас екендігі анықталды. Полиция қызметкерлері әйелді наркологиялық диспансерге, ал оның 16 және 10 жастағы екі баласын кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Аталмыш дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып, ата-анасын құқығынан айыру немесе шектеу туралы шешім шығару үшін, Атырау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданды, – деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда