20 Қыркүйек, 2020 439

Атырау көшелерінде «бассыз» жемқор өз қызметін ұсынды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері қала көшелерінде «Мен – жемқормын» атты әлеуметтік эксперимент өткізді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Шараның мақсаты – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық фактілеріне деген көзқарасын анықтау.

- Біз тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік пен иммунитетті қалыптастырып, парақорлықтың зияны мен салдарын түсіндіргіміз келеді. Әлеуметтік эксперимент қорытындылары бойынша біз адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне қалай қарайтынына мониторинг жүргіземіз. Бұл театрландырылған қойылым түріндегі алғашқы әлеуметтік эксперимент екенін атап өткім келеді, - деді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.


 


Әлеуметтік эксперимент барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тұрғындарға сенім телефоны мен жедел желі нөмірлері бар карточкалар таратты.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда