20 Қыркүйек, 2020 280

Атырауда заңсыз жалға берілген пәтерлер анықталды

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалға берілетін 778 пәтерді тексерді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша 67 жағдайда баспана заңсыз жалға берілгені анықталды.

- Бұл пәтерлердің иелері заңды бұзды. Олар жалдау құнынан салық төлемеген. Барлық факті бойынша жиналған материалдар облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Айта кетейік, "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы 7 қыркүйекте басталып, желтоқсанға дейін жалғасады.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда