19 Қыркүйек, 2020 206

Атырау полицейлері бес дана қару тәркіледі

Полиция қызметкерлері 71 азаматтың иелігіндегі қарулардың сақталу тәртібін тексерді, деп хабарлайды ATPress.kz

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ аңшылық алқаптарында азаматтық қару иелерін тексерді.

- Тексеру барысында азаматтық қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзудың 14 фактісі анықталып, олардың иелері ҚР ӘҚБтК 484 және 486 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бес дана қару тәркіленді, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда