19 Қыркүйек, 2020 435

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада екі азаматты ұстады

Атырау облысы, Исатай ауданы, Амангелді елдімекені тұсында, ҚР шекара жасағы заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматты ұстады, деп хабарлайды ATPress.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтар Қазақстан Республикасы азаматтары екені анықталған. Олар «Бударка» және «Байда» қайықтарымен заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған. Жүзу құралдарын тексеру кезінде жалпы салмағы 245 кг болатын, 64 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленген.

«Сондай-ақ құқық бұзушылар ауларды орналастырған жерлерді оңай анықтау үшін қолданатын браконьерлік аулау құралдары мен GPS навигаторлары табылды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алынған балық аумақтық ішкі істер органдарына берілді», делінген таратылған ақпаратта.

ATPress.kz

Фото ҚР ҰҚК ресми сайтынан алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда