19 Қыркүйек, 2020 182

Атырауда дүниежүзілік акция аясындағы шара ұйымдастырылды

Атыраулық жастардың бастамасымен «World clean up day» дүниежүзілік акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ATPress.kz

19 қыркүйек күні Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен, тұрғындар арасында эко-мәдениетті қалыптастыру мақсатында жалпықалалық тазалық акциясы ұйымдастырылды.

- Бүгінгі акция Геолог елдімекенінде, Жайық жағалауында ұйымдастырылып отыр. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені осындай сенбіліктер көп жағдайда қала аумағында, әсіресе орталық аудандарда өткізіледі. Біздің үндеуімізді өңірдегі мұнай-газ компаниялары, кәсіпорындар мен ерікті жастар қабыл алып, қолдау білдірді. Акцияға 200-ден астам адам қатысты, – деді Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ролан Құспан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі сағатқа созылған ашарда, қатысушылар 8 секторға бөлініп қоқыс жинаған.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда