19 Қыркүйек, 2020 456

Атырау облысының əкімі Грузиядан келген дəрігерлермен кездесті

Делегация құрамында бес медицина маманы бар, деп хабарлайды ATPress.kz

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов дəрігерлерге ризашылығын білдірді.

- Біздің өтінішімізді қабыл алып, Атырау облысына дəрігерлік кеңес жəне кəсіби көмек беруге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Біз күрделі кезеңді бастан өткердік. Біз дəрігерлеріміздің кəсіби шеберлігінің арқасында қиын жағдайды еңсердік. Қазіргі уақытта мамандар болжап отырған пандемияның "екінші толқынына" дайындалып жатырмыз, – деді Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Кездесу барысында дəрігерлердің жататын орын, ас-ауқат жəне транспорттық тасымал мəселелерінің толықтай шешілгені айтылып өтті.




- Атыраулық əріптестерімізге көмек көрсету үшін келгенімізге ризамыз. Өз тарапымыздан іс-тəжірибемізбен бөлісуге дайынбыз жəне жақсы нəтиже көрсетуге тырысамыз, – деді Грузиядан келген дəрігер-реаниматолог Джимшер Ахвледиани.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 038 науқас тіркеліп, оның 10 489-ы толықтай сауығып шықты.

 

ATPress.kz

Фото Атырау облысының коммуникациялар қызметінен алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда