18 Қыркүйек, 2020 354

Атырауда «түнгі көбелектер» ұсталды

Республика көлемінде жүріп жатқан «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде Атыраулық полицейлер жезөкшелікпен айналысқандарды анықтады, деп хабарлайды ATPress.kz

Полиция қызметкерлері проституциямен айналысқан 11 азаматшаны әкімшілік жауапқа тартты. Олар Авангард ықшам ауданында, Сәтпаев және Махамбет көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлерден пәтер жалдап, заңсыз қызмет көрсеткен.

Олардың алтауы Оңтүстік Қазақстан облысының, ал қалған бесеуі жергілікті тұрғын.

- Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы – «Қоғамдық орында тиісу» және 492 бабы – «Қазақстан республикасында тіркеусіз, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, полиция органдарының есебіне алынды. Сонымен қатар, оларға пәтерлерін жалға берген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабы – «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Жыл басынан Атырау қаласында сексуалды сипатта қызметтер көрсетумен айналысып, құқықбұзушылық жасаған 70 адам жауапқа тартылды.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда