18 Қыркүйек, 2020 239

Қазақстандықтар өңірлеріндегі су сапасы туралы ақпаратты онлайн режимінде біле алады

Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы әзірленіп, жұмыс істеуде, деп хабарлайды ATPress.kz

«Бүгін (18 қыркүйек) Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау республиканың 143 су қоймасында жүргізіледі», деп жазды М.Мырзағалиев жұма күні өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, өткен жылдан бастап Қазақстанның жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді, онда онлайн режимінде елдің барлық өңірлерінде судың сапасы туралы білуге болады.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда