18 Қыркүйек, 2020 305

Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынуда

Қазір облыс бойынша бірнеше орталықтың құрылыс жұмыстары басталып кеткен, деп хабарлайды ATPress.kz

- Атап айтқанда, облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сонымен қатар, қазір облыстың медициналық ұйымдарында 224 ИВЛ, 27 рентген және 10 компьютерлік томография аппаратары, сондай-ақ 977 оттегі генераторы және 1100 пульсоксиметр бар.

Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында екі айға жететін жеке қорғаныш құралдарының және дәрі-дәрмектің жеткілікті деңгейдегі қоры жасақталған.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда