18 Қыркүйек, 2020 250

Жайықтың жағдайын талқылайды

Жайық өзенінің қазіргі жағдайы – Қазақстан мен РФ шекаралық ынтымақтастық форумындағы басты тақырып болмақ, деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен өткен онлайн кездесу барысында мәлімдеді.

- Біздің министрліктің бастамасымен биыл өтетін шекаралық ынтымақтастық форумында басты назар Жайық өзеніне аударылады. Біз Ресей Федерациясына бірнеше рет барып, бұл мәселелерді көтердік, – деді М. Мырзағалиев.

Кездесуге қатысқан Қазақстан Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Әлия Шалабекова ресейлік әріптестерімен өзенге гидрологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге келгенін хабарлады.

Сондай-ақ, аталған зерттеу аясында гидротехникалық құрылыстардың өзенге әсерін зерттеу жоспарлануда.


ATPress.kz

Фото редакция архивінен алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда