Атырау облысында жел тұрып, найзағай ойнайды

Атырау облысында жел тұрып, найзағай ойнайды

17 мамыр, сәрсенбі күні  Қазақстанның барлық аумағында дерлік ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Соған сәйкес қатты жел, жаңбыр және найзағай болуы мүмкін, - деп хабарлайды AtyrauPress.

17 мамырда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында ертең күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді.