Атырауда 81 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Атырауда 81 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысында 574 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 81 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жазылған. 

Атырауда дәрігерлер мүгедектер арбасына отырды

Атырауда дәрігерлер мүгедектер арбасына отырды

Атырауда №7 қалалық емхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету тренингінен өтті.

«Біз де адамбыз» қоғамдық қоры ұйымдастырған тренингте емхана қызметкерлері арбадағы адамды қалай қауіпсіз қозғауға болатынын үйренді, деп хабарлайды AtyrauPress Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда мүгедектер 1 шілдеден кейін жеңілдіктен қағылуы мүмкін

Атырауда мүгедектер 1 шілдеден кейін жеңілдіктен қағылуы мүмкін

Атырауда 1 шілдеге дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтар Смарт карталары мен мүгедектігін растайтын төлқұжаттарының көшірмесін «Smart Qala» ЖШС-нің Whats Аpp нөміріне жіберулері тиіс, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырауда мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталығы салынады

Атырауда мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталығы салынады

ҚР Премьер-министрі орынбасарының міндетін атқарушы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталықтарының құрылыс барысы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылы 130 мың адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер берілді, оның ішінде 10 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға еліміздің 32 мемлекеттік оңалту орталығында қызмет көрсетілген. Алайда республикада мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 711 мыңнан асатынын ескерсек, жаңа оңалту орталықтарын құру өзекті мәселе болып отыр.

2025 жылға дейін еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы, Астана, Шымкент қалалары) мүгедектігі бар адамдар үшін150 орындық жаңа ірі оңалту орталықтарын салу жоспарланған.

Оңалту орталықтары оңалту кезеңінде тәулік бойы мүгедектігі бар азаматтарды қабылдайды. Жыл сайын жаңа заманауи орталықтарда өз денсаулығын 1 500-1 800 мүгедектігі бар адам жақсарта алады.

"Оңалту орталықтарының құрылысы өңірлердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарының сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтер алуына жағдай жасайды. Мүгедектігі бар мыңдаған адам денсаулығын нығайтып, жағдайын жақсарта алады. Сондықтан бұл жобаларды іске асыру жергілікті және орталық органдар өкілдерінің ерекше бақылауында болуға тиіс", - деді Алтай Көлгінов.

Ең алғашқы оңалту орталығы осы жылдың басында Абай облысы Семей қаласында салынып, пайдалануға берілді. Жақын арада әлеуметтік мекемені күтіп-ұстауға бюджеттік өтінім жергілікті мәслихаттың қарауына жіберіледі. Кентау, Тараз және Ақтөбе қалаларында тағы үш оңалту орталығын биыл, Батыс Қазақстан облысында келесі жылы, ал Ақмола және Атырау қалаларында 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Еліміздің бес өңірінде – Павлодар, Жетісу облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында құрылыс әлі басталған жоқ. Осыған байланысты Алтай Көлгінов өңір басшыларына қысқа мерзімде дайындық жұмыстарының барлығын аяқтауды және мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту орталықтарын салуға бюджеттік өтінімдер беруді тапсырды. ҚР Қаржы министрлігіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, осы қажеттіліктерге бюджет қаражатын бөлуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Әлеуметтік қызметкер Қарлығаш Қадырғалиева мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуда үлесін қосып келеді

Әлеуметтік қызметкер Қарлығаш Қадырғалиева мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуда үлесін қосып келеді

Әлемді құтқаратын екі сиқырлы күш бар – бірі махаббат болса, екіншісі – мейірімділік. Тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірдің ауыр соққыларына тап келген әлжуаз жан үшін осы күштердің маңыздылығы сөзсіз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз бойына осы екі қасиетті қатар сіңірген жан – Қарлығаш Қадырғалиева. Қарлығаш ханым Дамбы ауылдық округінің амбулаториялық орталығында әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Негізгі қызметімен қатар әлеуметтік жобаларда да бой көрсетіп, мүгедектігі бар жандарға «екінші өмір сыйлау» жолында қолдан келер көмегін аямауда.

Мүмкіндігі шектеулі жандар ұшақ билеті бағасының жартысын ғана төлеп саяхаттай алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар ұшақ билеті бағасының жартысын ғана төлеп саяхаттай алады

Қазақстандық лоукостер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (1 топ) және жанына еріп жүрген бір адамға Қазақстан бойынша әуе билетіне 50% жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат AMANAT партиясына сілтеме жасап.