Дұрыс жауапқа тәтті берілді: Атыраулық еріктілер Наурыз мейрамында қызықты іс-шара ұйымдастырды

Дұрыс жауапқа тәтті берілді: Атыраулық еріктілер Наурыз мейрамында қызықты іс-шара ұйымдастырды

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктілері балаларға қазақ мәдениеті туралы айтып берудің және мерекелік көңіл-күй сыйлаудың ұтымды тәсілін ойлап тапты. Олар 22-наурыз күні көшедегі жолаушыларға сұрақ қойып, дұрыс жауап бергендерге тәттілер мен бауырсақ салынған қоржындарды тарту етті. Сұрақтар Наурыз мейрамына, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне арналды.