АМӨЗ жыл соңына дейін шығарындыларды автоматты бақылау жүйесін енгізеді

АМӨЗ жыл соңына дейін шығарындыларды автоматты бақылау жүйесін енгізеді

2023 жылдың соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының төрт технологиялық қондырғысына автоматты бақылау жүйесі енгізіледі. Ал 2028 жылдың соңына дейін кәсіпорын Атырау облысының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған кемінде бес жобаны жүзеге асырады.

АМӨЗ Талдыкөл ауылында эко-акция өткізді

АМӨЗ Талдыкөл ауылында эко-акция өткізді

Атырау мұнай өңдеу зауыты Талдыкөл ауылындағы Жайық өзенінің жағасында кезекті экологиялық тимбилдинг өткізді.  Іс-шараға 200-ге жуық зауыт қызметкері мен олардың балалары қатысты.

АМӨЗ-де механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың I кезеңі аяқталды

АМӨЗ-де механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың I кезеңі аяқталды

Атырау мұнай өңдеу зауытында «Tazalyq» жобасы аясындағы жабық типтегі ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың  I кезеңі аяқталды. АМӨЗ-дің қоғамдық экологиялық кеңесінің мүшелері құрылыс жұмыстарының нәтижелері және II кезеңнің жүру барысымен  танысты.

АМӨЗ-дің өндірістік активтері қайтарылды

АМӨЗ-дің өндірістік активтері қайтарылды

Атырау МӨЗ бұрын аутсорсингке берілген техникалық сервис функцияларын өз қызметіне қайтару жұмыстарын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Зауыттың баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша Қазақстан Республикасының экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның 2022 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Атырау МӨЗ бұрын аутсорсингке берілген техникалық сервис функцияларын өз қызметіне қайтару жұмыстарына кірісті.  

Осыған орай «АМӨЗ» ЖШС-де сервистік компаниялардың функцияларын зауыт қызметіне бір қалыпты көшіру шараларын жүзеге асыру үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлескен жұмыс тобы құрылды.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап Атырау МӨЗ-дің құрамына  технологиялық және динамикалық жабдықтардың, металл конструкциялары мен ғимараттардың  үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (жөндеу-механикалық цех), электр жабдықтары мен электр желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз  ету (электр цехы),  бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету (бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика цехы) және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу (жобалау-конструкциялау орталығы) бойынша зауыттың технологиялық процестеріне қатысқан цехтар қайтарылды.

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрамына қосылған қызметкерлердің жалпы саны 650-ден асады.

Атырау мұнай өңдеу зауытында  К5 класындағы бензинді жөнелтуді бастады

Атырау мұнай өңдеу зауытында К5 класындағы бензинді жөнелтуді бастады

2023 жылдың шілде айында Атырау МӨЗ еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардың ішінде алғашқы болып К5 экологиялық класты (Еуро-5 аналогы) АИ-92 автобензинін шығаруды бастады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері АМӨЗ-де болды

Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері АМӨЗ-де болды

Tazalyq эко-жобасын қаржыландырушы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Делегация құрамында Орталық Азия бойынша ЕҚДБ атқарушы директоры Жужанна Харгитай, Қазақстан бойынша ЕҚДб басшысы Хусейн Озхан, Орталық Азиядағы ЕҚДБ табиғи ресурстар департаментінің мамандары Акоп Каграманян мен Нұржан Сахариев бар. 

Үкіметте МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат себептерін тексерудің алдын ала қорытындылары қаралды

Үкіметте МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат себептерін тексерудің алдын ала қорытындылары қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) орын алған апаттардың себептерін тексеру жұмыстарының барысы қаралды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.