Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі 12 см-ге көтерілді

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі 2024 жылғы 14 сәуір сағат 8-дегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәліметті  ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Атырау облысының Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен  өзгерді:    

  Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 525 см., су деңгейінің көтерілуі +9 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі 302 см құрайды.,

  Жайық өзені – Махамбет кенті бойынша су деңгейі 640 см., су деңгей + 16 см,  су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 323 см құрайды.,    

  Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 364см., су деңгейінің көтерілуі +12см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің  көтерілу 173 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"14 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі 447 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.