Махамбет ауданына қарасты елдімекендерге қауіп төнуіне байланысты республикалық «Атырау – Орал» тас жолының 44 шақырымы жырылды.
Ағысы қатты өр суының елдімекендерге қауіпін сейілту мақсатында «Атырау – Орал» тас жолында Сарайшықтан кейінгі 44 шақырымдағы жол жырылды.
Қазіргі таңда Оралға жол жүретін автокөліктер Исатай ауданына қарасты Х.Ерғалиев ауылы арқылы Махамбет ауданына шығып, әрі қарай «Атырау – Орал» тас жолымен қатынай алады.
Сондай ақ, Атырау Индер облыстық маңыздағы жолымен жүріп, Ортақшыл ауылы (Махамбет ауданы) тұсындағы көпір арқылы, әрі қарай «Атырау – Орал» тас жолымен қатынай алады.
Махамбет ауданы мен Атырау қаласы аралығында қатынайтын автожүргізушілер «Атырау - Индер» трассасымен, Ортақшы селосы тұсындағы Махамбет көпір арқылы қатынай алады.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы