Республика күні қарсаңында атыраулық полицейлер марапатталды (+ВИДЕО)
25 қазан - Республика күні мерекесіне орай Атырау облысы полиция департаментінде арнайы салтанатты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Салтанатты шара департамент бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың құттықтау сөзімен бастау алды.
Мереке қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен арнаулы атақтармен, "Қазақстан полициясына 30 жыл" төс белгісімен, ІІМ алғыс хатымен, сондай-ақ, Атырау облысы әкімінің және департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Әрі қарай мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасқан шарада Департаменттің өнерлі қызметкерлері және Атырау облысының бірқатар өнерпаздары көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.