Құлсарыда танымал әншілерді көруге 10 мың адам жиналды (+ВИДЕО)

Жылыой ауданында Наурыз мейрамын тойлауға арналған мерекелік бағдарламаға сәйкес, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен гала концерт өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері, дәстүрлі әнші, домбырашы Айгүл Қосанова, Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары - Заман тобы, Мирас Жүгінісов, Еркебұлан Құмаров және жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Мерекелік кешке 10 мыңға жуық адам жиналып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Кеш соңында мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

Айта кетейік, ауданда 14 наурыз - Көрісу күнінен бастап 50-ге жуық мерекелік шара өтті.