26 «наурыз», 2023 9

Құлсары қоқыстан тазартылды


Жылыой ауданы әкімімен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 11 наурыз бен 13 мамыр аралығы Құлсары қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан әкімдігі мәлім еткендей, 25 наурызда Құлсары қаласында «TazaTabigat» атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте қала тұрғындары өз ауылдарына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аудандағы мемлекеттік мекемелер және «Жылыойгаз» ЖШС, «РИП-газ» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «ПЧ-11» «ЛПУ Құлсары», «Болат Жол» ЖШС, Олжа» АҚ, «Қазақтелеком», «Қазпочта», «Автобекет» мекемелерінің қызметкерлері ұйымшылдықпен сенбілікке қатысып, бекітілген аймақтарды тазалады.

Өткізілген сенбілікке 400-ге жуық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 70 тонна қоқыс жиналып, полигонға төгілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ