"Авангардтағы" жаяу жүргіншілер орны ауысты (+ВИДЕО)

13 наурыз күні Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Ақжайық» автобус паркінде көше, жол тораптарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауға алып, қоғамдық көлік жүргізушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Кездесу барысында автокөлік жүргізушілері тарапынан бірқатар ұсыныс, пікірлер тыңдалды. Осы ретте, атыраулық полицейлер қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесімен бірлесіп, Авангард ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер орыны ауысқандығын хабарлайды.
Атыраулық полицейлер жаяу жүргіншілерге жол ережесін сақтап, белгіленген жерден өту керектігін ескертеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ