Атырауда трамадол тұтынған тұрғындар анықталды (+ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер трамадол тұтынған 6 тұрғынды анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Әлеуметтік желіде әсері жоғары психотропты дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымына және оларды тұтынуға қатысты наразылықтар туындаған болатын. Бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев тұрғындар арызы бойынша мекен-жайларды тексерді. №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мекен-жай бойынша тексеру барысында Береке ықшам ауданында орналасқан 2 пәтер ішінен психотропты дәрі-дәрмек тұтынған 6 тұрғынды анықтады. Аталған 1991, 1992, 1993, 1995, 1995 және 1998 жылы туған тұрғындар сараптамаға жеткізіліп, іс-құжаттар жинақталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ