3 млн теңге айыппұлмен атыраулық жүргізушілер анықталды (+ВИДЕО)

Атырауда 1 күнде төленбеген 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бар 4 автокөлік анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
1 күн ішінде Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген 3 млн теңгеге жуық айыппұлдары бар 4 автокөлікті анықтады. Мәселен, 15 наурыз күні сағат 23:55 шамасында «Қорғау Сергек» іздеу жүйесімен 1 207 500 теңгені құрайтын 27 айыппұлы бар маркасы ВАЗ 2199 автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Сонымен қатар, 931 500 теңгені құрайтын 37 айыппұлы бар Chevrolet автокөлігі, 255 234 теңгені құрайтын 12 айыппұлы бар ВАЗ 2114 және 528 162 теңгені құрайтын 36 айыппұлы бар ВАЗ 2110 автокөліктері тоқтатылды. Аталған автокөлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК 785 бабы бойынша хаттама жасақталып, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ