ЖЕҢІС-80: Гурьев жаяу әскер училищесі отты жылдардан сыр шертеді

Атырау (Гурьев) жаяу әскер училищесі — Ұлы Отан соғысының отты жылдарындағы қаһармандық мекен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан білгеніміздей, Атырау қаласындағы (сол кездегі Гурьев) жаяу әскер училищесі КСРО Қорғаныс Комитетінің 1942 жылғы 26 ақпандағы №0106 қаулысы қаулысы және Гурьев облыстық атқару комитетінің 1943 жылғы 2 наурыздағы №103 шешімі негізінде құрылды. Училище қаланың бірнеше ғимаратында — Ленин, Куйбышев атындағы мектептерде, сушылар клубында, қалалық ауруханада орналастырылды.

Училищенің алғашқы қабылдау пункті сол кездегі С.Орджоникидзе атындағы мұнайшылар клубында орналасып, 4 курсанттық батальон құрылды. 1942 жылдың өзінде-ақ училищеде 2387 курсант оқып, атқыш, пулеметші, минометші мамандықтары бойынша дайындықтан өтті. Сонымен қатар әскери тактика, артиллерия, байланыс, әскери химиялық іс, топография сияқты маңызды пәндер оқытылды.

Жаяу әскер училищесіне Ақтөбе, Атырау, Орынбор (Чкалов) облыстарынан және Башқұртстан АКСР – нан келген 1923–1924 жылы туған жастар жедел түрде офицерлікке дайындалды. 1942 жылы 25 желтоқсанда алғашқы 300 офицер Сталинград майданына арнайы эшелонмен аттанды. Сонымен қатар училище майдан шебіне пулемет, миномет, атқыштар взводы командирлерін дайындап жіберіп отырды

1942 жылдан бастап училище түлектеріне “аға лейтенант” шені беріле бастады. Соғыс жылдары ішінде училище 4 000-нан аса кіші командирлерді дайындап шығарған Гурьев жаяу әскер училищесі 1945 жылы 17 қазанда өз жұмысын аяқтады.
Бұл Атыраулықтардың жеңіске қосқан үлесі.