Бүгін — Ғарышкерлер күні: Қазақтаннан шыққан ғарышкерлер

Қазақстандағы ғарыштық зерттеулер қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ұшуымен тікелей байланысты.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Талғат Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты.

 Сонымен қатар, 2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғарышкер-ұшқыш. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат, 13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді. Біздің ғарышкерлер әлемдік деңгейде қазақстандық ғылымның жоспарланған ғарыштық эксперименттерін орындап қана қоймай, басқа мемлекеттердің ғарыш саласындағы ғылыми бағдарламаларын орындауда тең құқылы әріптестер болды.