Тарих

Сарайшықтағы «Хан моласы» кешені қайта жаңғыртылды

Сарайшықтағы «Хан моласы» кешені қайта жаңғыртылды

«Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіп, тарихи қорым нысандарын қайта жаңғыртты, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы «Қазқайтажаңғырту» РМК бас директоры Олжас Шариязданов мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба саяхатшы әрі топограф А.Г. Алексеевтің картасына сүйене отырып жүзеге асырылған. Аталған картада «Склепь Аулие» немесе «Әулие Қамал» атауымен белгілі қорым құрылыстары көрсетілген. — Қайта жаңғырту жұмыстары археологтар мен тарихшылардың ғылыми ұсынымдарын ескере отырып жүргізілді. Негізгі мақсат — тарихи нысандардың бастапқы келбетін мүмкіндігінше дәл қалпына келтіру. Сонымен қатар қорым құрылыстарын жауын-шашыннан, желден және температураның ауытқуынан қорғау үшін арнайы қорғаныш құрылымы орнатылды, — деді Олжас Шариязданов. Оның сөзінше, мұндай архитектуралық шешім археологиялық мұраны сақтаудың халықаралық тәжірибесіне сай келеді. Жоба ИКОМОС пен ЮНЕСКО ұсынымдарына сәйкес әзірленген. — Бұл халықаралық ұйымдардың қағидалары тарихи нысандардың түпнұсқалығын сақтай отырып, оларды халыққа қолжетімді етуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру мәдени мұраны сақтауға, тарихи-мәдени туризмді дамытуға және Сарайшықтың бай тарихын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді, — деді ол. Айта кетейік, ғылыми-реставрациялық жұмыстар аяқталғаннан кейін нысанға «Хан моласы» деген шартты атау берілді.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Өткенге баға беру уақыт пен жүйелі ізденісті қажет ететіні түсінікті. Бұл ұстаным қуғын-сүргін құрбандарына қатысты да қолданылатын секілді. Олай дейтініміз, ғасырға жуық уақыт өтсе де саяси қудалауға түсіп, жазықсыз жапа шеккен азаматтарды зерттеу, оларды ақтау толық аяқталған емес. Осы ретте Kazinform тілшісі тақырып тінін тарқатып, келешек жоспарды сараптап көрді.

Атыраулық тыл ардагері – тоқсан жаста

Атыраулық тыл ардагері – тоқсан жаста

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев отыз жыл жолшы болған тыл ардагері Жұпар апа Дүржанованы тоқсан жасымен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіс-80: Гитлер «Еділ-Жайық мемлекетін» құрғысы келген бе?

Жеңіс-80: Гитлер «Еділ-Жайық мемлекетін» құрғысы келген бе?

Гитлер Москвадан Орал облысына дейінгі жерді жаулап алуды да жоспарлаған. Соның ішінде Қазақстан жеріне, әсіресе, мұнайлы өлке саналатын Гурьевке (қазіргі Атырау) ерекше көңіл бөлді. Архив деректеріне сәйкес, оның ойында «Еділ-Жайық мемлекетін» құру жоспары да болған деседі, деп хабарлайды AtyrauPress "Қазақстан теміржолшысы" газетіне сілтеме жасап.

ЖЕҢІС-80: Атырауда әскери әндер шеруі өтті

ЖЕҢІС-80: Атырауда әскери әндер шеруі өтті

Бүгін «Сармат» мектеп-лицейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты саптық шеру мен әскери әндер шеруі өтті. Мектеп алаңында жас сарбаздар сап түзеп, өздерінің әндерімен елге, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде

Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде

Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейінде Халық Қаһарманы  Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің  «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрмесінің ашылуы  өтті.