Жылыойлық спортшы ел чемпионы атанды!

Жылыойлық Нұршат Ауелбаев комбат дзю-дзюцудан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Алматы қаласында 2024 жылдың 23-26 ақпан аралығында комбат дзю-дзюцу спорт түрінен ересектер арасында ҚР Чемпионаты өтіп жатыр. Спорттық додада жылыойлық Нұршат Ауелбаев топ жарып, ҚР Чемпионы атанды. Ол 77 келі салмақта өнер көрсетіп, Әлем Чемпионатына жолдама алды.

Ауелбаев Нұршат Ауелбайұлы жекпе-жек ұлттық спортынан Қазақстан чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, комбат дзю-дзюцудан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, жекпе-жек ұлттық спортынан және джиу-джитсудан спорт шебері, әмбебап жекпе-жектен Қазақстан кубогінің иегері, ММА, Панкратион, Номад ММА-дан республикалық турнирдің чемпионы, грэпплингтен Азия чемпионы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ