Жылыой ауданында өткен волейболдан облыстық ашық турнир қорытындыланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жылыой ауданында өткен волейболдан 40 жастан жоғары ерлер арасында Ардагер спортшы Сүлеймен Құлжановты еске алуға арналған облыстық ашық турнир қорытындыланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Турнирге Маңғыстау және Атырау облысынан келген 4 команда қатысқан болатын. Облыстық турнирдің қорытындысына сәйкес, «Жылыой ауданы СМ клиника» командасы І орынға, «Құрманғазы ауданы» командасы ІІ орынға, ал «Бейнеу ауданы» командасы ІІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар, турнирде Жүсіпқали Джолдиев «Үздік қорғаушы», Низаммидин Мадуов «Үздік үйлестіруші», Өркен Тәжібаев «Үздік шабуылшы» және Азат Минтаев «Үздік ойыншы» номинацияларына ие болды.