Жылыойда шахматтан облыс чемпионаты өтті

Жылыойда шахматтан рапид бойынша Атырау облысы чемпионатының II кезеңі өтті. Турнирге 130-ға жуық спортшы қатысып, абсолют санатында және 8, 10, 12, 14 жасқа дейінгі жас ерекшеліктері бойынша бақ сынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жарыс Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ғ.А.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы бастамасымен ұйымдастырылды.

Абсолют санатында ұлдар арасында Әбілсейіт Тыныштық жеңімпаз атанса, Алихан Нурдаулет екінші, Ертөре Мейірұлы үшінші орынға ие болды. Ал қыздар арасында Ләйлә Ермекбай топ жарса, Инкара Ратаева күміс жүлдені еншіледі, Дайана Таңбай қола жүлдеге қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттар табысталды.