Жылойлық спортшы халықаралық турнир чемпионы атанды

Жылыойлық спортшы «Asian Open Championships» халықаралық турнирінен чемпион атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ақтөбе қаласында өткен грэпплинг спорт түрінен жасөспірімдер және ересектер арасында «Asian Open Championships» халықаралық турнирі өтті. Турнирге жылыойлық спортшылар қатысып, жүлделі орынмен оралды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтар болсақ ересектер арасында 62 келі салмақта сайысқа түскен Талғат Жұмағалиев чемпион атанды. Сонымен қатар ересектер арасында 66 келі салмақта Аблан Орынғали күміс жүлдегері атанса, жасөспірімдер арасында 27 келі салмақта Бексұлтан Шуаққали және 49 келі салмақта Азиза Джумаева турнирдің қола жүлдегері атанды.

Аталған жарысқа Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия және Қазақстаннан 800-ден астам спортшы қатысып бақ сынасты.