Атырауда қалалық әкімдіктің қолдауымен VI ANNUAL ATYRAU MARATHON өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жыл сайынғы ұйымдастырылып отырған спорттық додаға 1000-нан астам марафоншы 5, 10, 21 және 42 шақырым бойынша жүгірді.
VI ANNUAL ATYRAU MARATHON нәтижесінде 5 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Еркебұлан Аташов мен әйелдер арасында Әсем Абдуғазиева мәре сызығына бірінші боп келді. Ал 10 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Есенбол Жаңабек, әйелдер арасында Толқын Нұрышева жеңіс тұғырынан көрінді.
21 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Ислам Аманқос пен әйелдер арасында Ақбілек Құралай, 42 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Данияр Орманғали пен әйелдер арасында Дарья Неделкина алтын медаль иемденді.
Айта кетейік, спорттық сайыс осымен аймақта 6 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.