Венгриядан атыраулық жасөспірімдер жүлдемен оралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мамырдың 13-17 күндері Эггер қаласында бокстан жасөспірімдер арасында 73-ші Халықаралық турнир өтті. Венгрияның ұлттық батыры Гергели Борнемиссаны еске алуға арналған жарысқа 16 мемлекеттен 400-ден аса спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде атыраулық жас боксшы Мұрат Алан турнирдің қола жүлдесін қанжығасына байлады. Ол 48 салмақпен қарсыласын тізе бүктіріп, оқ бойы озып шыққан үздіктердің қатарынан көрінді.