Велотректен мэдисон бағдарламасы бойынша сынға түскен Қазақстанның ерлер құрамасы (Артем Захаров, Рамис Дінмұхамедов) финалда 3-орыннан көрінді.
Алтын медаль Жапония құрамасында (54 ұпай), күміс медальді Оңтүстік Корея спортшылары ( 54 ұпай) алды, ал Қазақстан құрамасы 37 ұпаймен үштікті түйіндеді.