V дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Атырау облысының Махамбет атындағы қазақ драма театрының өнер ұжымы Астанаға арнайы келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Елорда төрінде жасақталған этноауылда атыраулық театр ұжымы қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін көріністерді қойып жатыр.
"Еліміздің батыс өлкесінде сақталған көрісу, өскелең ұрпаққа бата беру сынды дәстүрлеріміз көпшілікке насихатталуда. Этноауылға келушілер арасында астаналықтар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар және шетелдік туристер бар" дейді Атырау облысының Махамбет атындағы қазақ драма театрының директоры
Сағынтай Көпжасаров.
Еске сала кетсек, бұған дейін V дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында жасақталған этноауылға Атырау облыстық тарихи өлкетанк музейі 200-ден астам экспонаттар, қолөнершілер көптеген бұйымдарын әкелгенін хабарлаған болатынбыз.
V дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында 11 қыркүйек күні этноауылда Атырау облысының өнерпаздары мерекелік концерт қояды.