V дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті

Атыраулық споршылар ел қоржынына үш медаль салды,  - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Еске сала кетейік, Астанада өткен дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Атыраудан үш спортшы қатысты. 

Дәстүрлі садақ ату спорты бойынша командалық сынға түскен Бексұлтан Марат күміс жүлдені жеңіп алды. 
Құсбегіліктен Арман Қошқаров, алыш күресінен Нұржан Сәрсенғалиев қола жүлде иемденді.