Sofascore аналитикалық порталының мәліметінше, биылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасында тек төрт футболшы орташа 8.00 және одан жоғары балл жинаған, деп хабарлайды AtyrauPress.
Олардың ішінде ең жоғарғы көрсеткішті Қазақстанның «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков көрсетті. Бұл нәтиже еліміздің футбол тарихында ерекше сәт болып саналады, себебі бұрынғы жылдары қазақ футболшылары осындай деңгейге жету сирек кездесетін.
Темірлан Анарбеков өз командасын қорғауда көрсеткен сенімділігі, қақпаға жасаған керемет сейвтері және ойынға қосқан үлесі арқасында бұл жоғары рейтингке ие болды. Оның өнері қазақстандық жанкүйерлер мен халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасында орташа 8.00 және одан жоғары балл жинаған ойыншылар өте аз, бұл деңгей тек элита санатына кіретін шеберлерге тән. Қазақстандық қақпашының осы көрсеткіші еліміз үшін шын мәнінде мақтаныш болып отыр.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ