Тарихи алтын: хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Алматыда өткен тарихи Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. 

Бүгін, 9 қарашада Азия чемпионатының шешуші ойынында Қазақстан құрамасы Жапонияны 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Қазақстан командасының капитаны Евгений Рымарев дубль жасаса, қорғаушылар Егор Наместников пен Владимир Гребенщиков және шабуылшы Евгений Королинский бір шайбадан салды. Ал Қытай құрамасы сапынан тек Таига Ирикура мергендік танытты.

Турнир қорытындысына сәйкес, Қазақстан мен Жапония 6 ұпайдан жинады. Бірақ жеке кездесудегі нәтижесі үшін жеңіс қазақстандық хоккейшілерге берілді.

Осылайша тарихта алғаш рет өткен хоккейден Азия біріншілігінің алтыны Қазақстан қоржынына түсті. Жапония командасы күміс, Оңтүстік Корея қола жүлде иеленді. Бірде-бір рет жеңіске жетпеген Қытай хоккейшілері құрлық додасын төртінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Алматыдағы Азия біріншілігін жеңіліспен бастаған болатын. Олег Болякин шәкірттері алғашқы ойында оңтүстік кореялықтарға есе жіберді (4:1). Бірақ ұлттық құрама екінші матчта Қытай командасын ірі есеппен ұтты (6:1). 

Фото Федерация хоккея Казахстана