Индер ауданында қазақтың тұңғыш бард-ақыны, сазгер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Табылды Досымовты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық ашық турнир өтті.
Екі күнге созылған жарысқа Астана, Ақтау, Орал, Атырау қалаларынан және Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарының аудандарынан 220-ға жуық жасөспірім палуан қатысты. Турнир 15 команда арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Турнир жеңімпаздарына арнайы белдік, медальдар мен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы табысталды.
Байрақты бәсеке ақын есімін ұлықтап, жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған игі шара ретінде бағаланды.